Шенай аспабы

     Шенай (шенаи, шехнаи, шахнаи) (этимологиясы шамамен «наи-и-шахи», парсы. «шах флейтасы» сөзінен) – екі тілшелі гобой, Хиндустанның солтүстік аудандарының (Үндістанның солтүстігі, Непал, Пәкістан) дәстүрлі және классикалық музыкасында қолданылады. Оңтүстік Үндістандағы нагасварам және тибеттік гъялинг аспаптарының аналогі.

     Ағаштан жасалған корпусы төмен қарай кеңейе түседі (эбен секілді мықты ағаштар қолданылады), ұзындығы 30-45 см аралығында болады. Корпус шеттері жазылған мыс (жез) немесе күміс кеңернеумен аяқталады. Онда 8-9 саңылау орналасқан. Олардың жоғарғы 7-еуі ойынға арналған, төменгілері, әдетте, балауыз бітеледі немесе ашық қалдырылады.

     Ауа үрлейтін тұсқа пальма жапырағынан жасалған желпуіш тәрізді қос түтік бекітіледі. Корпустың жоғарғы бөлігіне жіңішке жіппен қосымша түтіктер, сондай-ақ, піл сүйегінен немесе күмістен жасалған түтіктерді тазалап, түзететін арнайы ине ілінеді. Аймақтағы басқа да үрмелі аспаптар секілді, шенай құрылымында да қандай да бір механизмдер болмайды; дыбыс алу тәсілдері әдеттегі тәсілмен және ойын барысында анықтық пен шеберліктің жоғарғы дәрежесін көрсететін қайта үрлеу әдісімен де орындалады.

     Музыканттардың шеберлігі секілді, шенайдың құрылымдық ерекшеліктері музыкалық материалдың дамуында барлық 3 рага регистрлері: төменгі (мандра), ортаңғы (мадхья) және жоғарғы (тара), жалпы 5 октавадан тұратын ауқымды регистрлік-диапазондық кеңістікті қамтуға мүмкіндік береді.