Әлем халықтарының музыкалық аспаптары залы

     Әлем халықтарының музыкалық аспаптары залына қош келдіңіздер!

     Әлем халықтарының музыкалық аспаптар залына Азия, Еуропа, Африка және Балтық теңізі бойындағы мемлекеттердің музыкалық аспаптары қойылған. Бұл тұрақты көрме залына әлемнің 27-і елінің 81-ден аса музыкалық аспаптары орналастырылған.

     Бұл экспозиция залы арқылы сіздер белгілі бір халықтың ұлттық ерекшелігін, дәстүрін, өмір-салтын білумен қоса, сол халықтың қолданысындағы музыкалық аспаптарының пайда болу, даму барысымен таныс боласыздар.