ҮРМЕЛІ, СОҚПАЛЫ-ШУЛЫ АСПАПТАР ЗАЛЫ

Ұрмалы, дабылды-соқпалы және шулы-сылдырлы, үрлеп ойналатын аспаптар залында, біздің дәуірімізге дейін өзгеріссіз жеткен ең ежелгі музыкалық аспаптар қойылған. Ертеректе ән мен би ұрып-қағып ойналатын аспаптармен сүйемелденген. Сонымен қатар, бақсылық мифологиясы ұрып-қағып ойналатын аспаптардың әр түрлі нұсқаларын туғызды.

Алғашқы үрлемелі аспаптардың қосымша саңылау-тесіктері болмаған және олар жай белгі беру үшін қызмет атқарған. Түтігінде қосымша саңылау-ойықтардың пайда болуы аспаптың ойнауын күрделендіре түсті.       

Қазақтарда ұрмалы және шулы аспаптардың қолданылуы жайында халқымыздың батырлар жырында кездеседі.

Ежелгі заманда қазақ халқы арасына дауылпаз сияқты ұрып-қағып ойналатын аспаптар кең таралған және бұл аспаптарды аңға шыққанда, діни салт-жораларды орындау кезінде, көшу және қону туралы хабар беру мақсатында қолданған.

Дудыға – сілкіп-қағып ойналатын аспап. Ағаш, тері, металл секілді заттардан жасалады.

Шың – сілкіп-қағып ойналатын аспап. Ертеде егіншілік кәсіпте егінге түскен құстарды үркіту үшін, аңшылықта аңдарды қуып аранға түсіру мақсатында, саятшылық пен құсбегілікте құстарды шақыру немесе ұшыру, қашыру үшін қолданылған.

Бақсылардың қасиетті «зікірі» кезінде қолданылатын құралдарын бөлек қарастыруға болады.

Асатаяқ – шамандық дәуірде, одан бері келе ХХ ғасырдың басына дейін  ел ішінде болған бақсылардың әруақ шақыру, ауруды аластау мақсатында пайдаланған негізгі құралы. Кейін музыкалық аспап ретінде кең қолданысқа енді. Таяқтың тақтайша тәріздес басына әртүрлі пішінді темір сылдырмақтар ілінеді.

Дабыл – көне аспап. Жаугершілік заманда әскери белгілер беру үшін, саяттарда, жорықтарда көргендердің мысын басып, өздерінің рухын асқақтату үшін қолданған.

Қосдүңкілдек – екі дауылпазды бір-біріне түптерімен жалғау нәтижесінде пайда болған. Шанағы ағаштан жасалып, бетіне тері тартылады.

Шыңдауыл – ертеде аңшылық пен саятшылықта пайдаланылған және діни салт-жораларды орындау кезінде қолданылған.