«Еркіндігім елдігім, Тәуелсіздік теңдігім»

     2018 жылы 12-желтоқсан күні, сағат 11:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Еркіндігім елдігім, Тәуелсіздік теңдігім» атты дәстүрлі музыкалық концерт өтеді.
     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
     Осыған орай, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің концерт залында Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясының, Т. Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық өнер академиясының және Ж. Елебеков ат. Республикалық эстрада- цирк колледжі студенттерінің қатысуымен дәстүрлі музыкалық концерт өтеді. Концертке жиналған қауым, қазақ әндері мен күйлерінен сусындап, онымен қоса «МУЗЕЙДЕГІ ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ» атты фото-көрмені тамашалай алады. Көрмеге Елбасының музейді аралау сәттерінің фото суреттері мен видеороликтері қойылған.
     Атаулы күн қарсаңында Ықылас атындағы халық аспаптар музейінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылады.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.
Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16
Музей сайты: yqlasmusmuseum.kz
E-mail: [email protected]
Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им.Ыхласа