Дилман Мейрбек Алиулы

                                                                                         

Ділман Мейірбек Әліұлы – 1966 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Ақтоған ауылында туылған. Алматы қаласындағы №14 Кәсіптік-техникалық учелищенің саз аспаптар жасау бөлімінің түлегі. Чайковский атындағы музыкалық учелищенің прима класын бітірген.

1990 жылдан бері ЖШС «Шертер» кәсіпорнында «Ұлттық саз аспаптар жасау шебері» және кәсіпорында бүкіл саз аспаптарын жасауды меңгерумен қатар «Үздік шебер» атағына ие болды.

2004 жылдан өндірістік директоры қызметін атқаруда.

2008 жылы Қазақтың ұлттық саз аспабы домбыра жасаушы шеберлердің VII - Республикалық «Үкілі домбыра» байқау-бәйгесінің Өзбекәлі Жәнібеков атындағы III - орын жүлдегері.

2012 жылы Алматы қаласының мәдениет басқармасы мемлекеттік қуыршақ театырының ұйымдастыруымен өткен «Өртеке-2012» II Дәстүрлі қуыршақ өнерінің Халықаралық фестивалінде  Өртеке орындаушылары мен шеберлерінің Республикалық байқауының лауреаты, II дәрежелі дипломмен марапатталды.

2013 жылы шілде айында Ұлттық бизнес рейтингі бойынша «За эффективность» в трудовой деятельности медалімен марапатталды.

2016 жылы Домбыра аспабын жасаушы қолөнер шеберлерінің Республикалық «АҢЫЗ ДОМБЫРА» байқауына қатысып, шеберлік көрсеткен үшін Ділман Мейірбек Әліұлы II-ші орын жүлдегеріне ие болды.

Шебермен байланыс телефоны: +77015121165,  +77075505808