Имангалиева Асима

                                                                                 

Имангалиева Асима – 1954 жылы 15 шілдеде Орал облысында дүниеге келген. 1971-76 жж. Ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі болған.

1976-78 жж. Алматы қаласындағы ГПТУ-46 училищесінің «Қазақ халық ұлттық музыкалық аспаптарын жасаушы шебері, ағаш ұстасы» екі жылдық бөлімін оқыған.

1978-90 жж. «Мерей» фабрикасында жұмыс істеген.

1990 жылдан бастап «Шежіре» корпоративінде домбыра жасауды үйрене бастаған.

1992-97 жж. «Шертер» фирмасында жұмыс істеген.

Қазіргі таңда №7 кәсіптік лицейде қазақ халық музыка аспабын жасаушы шебер, ағаш ұстасы.

Марапаттары:

1994 ж. Қазақ мемлекеттік тілінің 530 жылдығына орай өткен ІІ Республикалық «Үкілі домбыра» байқауының үміткері.

1996 ж. Ж. Жабаевтың 150 жылдық мерейтойына орай өткен ІІІ Республикалық «Үкілі домбыра» байқауының дипломанты

1998 ж. Құрманғазы Сағырбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өткен ІҮ Республикалық «Үкілі домбыра» байқауының 2 орын иегері.

2001 ж. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай өткен Ү Республикалық «Үкілі домбыра» байқауына қатысқаны және ұлттық мұраны насихаттауға қосқан үлесі үшін марапатталған.

2005 ж. ҮІ Республикалық «Үкілі домбыра» байқауының Ғинолла Ысмағұлов атындағы 2 орын жүлдегері.

2008 ж. Астана қаласының 10 жылдығына арналған ҮІІ Республикалық «Үкілі домбыра» байқауының қатысушысы.