Нарбек Оханов

                                       

Нарбек Оханов – 1961 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы аудынының Бесоба ауылында туған. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің көркем-сурет графика факультетін бітірген.

1983 жылы Алматыда өткен әуесқой әнші-композиторлар конкурсының лауреаты. Домбыра аспабын жасаумен 1985 жылдан бері шұғылданып келеді. 1994 жылы өткен II-ші Республикалық «Үкілі домбыра» байқауының III-ші орын иегері.

1998 жылы өткен IV Республикалық «Үкілі домбыра» байқауында Бас жүлдені жеңіп алған.

2007 жылы өткен I-ші Республикалық «Ұлы дала жауһарлары» конкурсының жүлдегері.

2016 жылы өткен I-ші Республикалық «Аңыз домбыра» байқауының I-ші орын иегері.

1994 жылдан бастап Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі.

Қазіргі уақытта «Шертер» қазақ ұлттық саз аспаптар жасау компаниясында цех бастығы болып жұмыс жасайды.

Шебермен байланыс телефоны: +77013585378