Рухани жаңғыру – Аспап жасаушы шеберлердің жаңа туындылары музей сахнасында

                                                        

6 қазан күні, сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Рухани жаңғыру – Аспап жасаушы шеберлердің жаңа туындылары музей сахнасында» атты концерттік іс-шара өтеді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған ұлттық код, ұлттық сана бағдарламасын іске асыру мақсатында музей қабырғасында алғаш рет «Шеберлер кеңесі» құрылған болатын. «Шеберлер кеңесі» қазақтың аспаптық өнерінің дамып-жаңғыруына, шеберлер мен музыка мамандары арасындағы байланыстың жандануына, өзара тәжірибе алмасуда үлкен мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда насихатталуы кемшін түсіп жатқан, он саусағынан өнер тамған шеберлердің жұмыстарын көрсету, еңбектерін атау, олардың қолынан шығып жатқан ұлт мәдениетін көрсететін ұлт аспаптарын қайта жаңғырту, музейге келтіру, толықтыру мақсатында жұмыс атқарады.

Кеңестің мақсаты – музыкалық аспаптар жасайтын шеберлердің қолтаңбасын музейде қалдыру, аспап жасаушы шеберлердің өнері мен есімдерін көпшілікке кеңінен насихаттау. Шеберлер өнерін қайта жаңғырту, келешекке сақталуына ықпал жасау. Олардың жеке туындыларын музей қорына алып, аспаптарды жаңа қырынан көрсету.

Кіру тегін.    

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz

E-mail:

Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им.Ыхласа