Абдрахман Нурлан Абдуллаулы

                                                                         

1970–72 жж. Алматы қаласының №46 кәсіптік-техникалық училищесін саз аспаптарын жасаудың шебері мамандығы бойынша үздік бітіргеннен кейін, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясына түседі де, оны 1975–1982 ж. бас домбыра мамандығы бойынша оқып шығады. 1979 жылы Консерваторияның қабырғасында білім ала отырып, «Отырар сазы» ансамблінің алғашқы орындаушысы және инспекторы ретінде қызмет етті. 1982-87 жж. Консерваторияны бітіргеннен кейін, Фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінде енді саз аспаптарын ойнаушы және жеке орындаушы ретінде еңбек етеді. 1979 жылы ансамбльдің құрамында Австриядағы, 1985 ж. оркестрдің 11 мүшесімен бірге Югославиядағы, 1986ж. «Отырар сазы» оркестрінің құрамында ГФР-дағы «Қазақстанның мәдени күндерін» өткізуге қатысады. 1985 ж. «Отырар сазы» оркестрінің құрамында Бішкекте өткен «Ала ТОО» фестиваліне қатысып, жүлделі орынға ие болды. 1985 ж. Мәскеуде өткен Жастар мен студенттердің ХІІ Бүкілдүниежүзілік фестиваліне оркестр құрамында қатысып, сол жолы оркестр Алтын жүлдеге ие болады да, Жастар силығының иесі атанды.

1987-88 жж. Құрманғазы атындағы Академиялық ұлт аспаптары оркестрінде орындаушы әрі саз аспаптарын жасау шебері ретінде жұмыс істеп жүріп, 1988-89 жж. Мәдениет министрлігінің бұйрығы бойынша Ұлттық саз аспаптары мұражайында директордың орынбасары қызметін атқарды.

1989-92 жж. «Мирас» шығармашылық кооперативінде саз аспаптарын жасау цехінің меңгерушісі қызметінде еңбек етеді.

1992 - 2015 ж. аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық Ұлт аспаптары оркестрінің саз аспаптарын жасау шеберханасының бас маманы қызметін абыроймен атқарып, зейнетке шығады.

Н.А. Абдрахман Отырар сазы және Құрманғазы атындағы оркестрлерінің құрамында қызмет ете отырып, сазгер және дирижер Нұрғиса Тілендиев, Шамғон Қажығалиев, музыка зерттеуші этнограф Болат Сарыбаев сынды тұлғалармен бірлесе қызмет етеді. Осы кезеңде ізденістер мен зерттеулердің нәтижесінде жетіген, шертер, бас шертер, контра бас шертер, саз сырнай, сыбызғы, шаңқобыз, қылқобыз сияқты аспаптарды қайта жаңғыртады және қазіргі заман талаптарына сай үлгіде жасап шығады. Аталған аспаптар қазіргі таңда Қазақстанның және шетелдің түкпір-түкпіріндегі қазақ ұлттық аспаптарының ансамблдері мен оркестрлерінде кең қолданылуда. Жинақтаған тәжірбиесі мен зерттеулерінің нәтижесі шетелдің мәдени қайраткерлерін де қызықтырып, ол кісіні сан рет тәжірибе алмасуға да шақырады. Атап айтқанда, 1995 ж. ҚХР Құлжа қаласындағы облыстық оркестрге сапар барысында шығармашылық байланыс орнатып, бірқатар аспаптарды жасап беріп қайтады. 2003 ж. Калмыкия Республикасының Мәдениет министрлігінің шақыртуы бойынша астанасы Элиста қаласында ұлттық саз аспаптарын жасау шеберханасын ашып, оған шәкірттер даярлады және 30 жуық саз аспаптарын жаңғыртып жасап беру жұмысын атқарды. 2004 ж. Башқұрт Республикасының Ұлт аспаптары оркестрінің сұрауы бойынша башқұрт ұлтының ұлттық аспаптарын зерттеп, бірқатар аспаптарын жасап береді. Жоғарыда аталған жұмыстар қазақ халқы мен өзге елдердің саз аспаптарының көне дизайндарын жаңғыртып, заманауи талаптарға сай жетілдіруге септігін тигізгендіктен Н.А. Абдрахман Қазақстан Дизайнерлер одағына 2008 жылы мүшелікке қабылданды.

Сонымен қатар, 2001 ж. бастап Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының Қолданбалы сәндік өнер кафедрасында «Ағашты көркемдеп өндеу» бөлімінің ашылуына байланысты қызметке шақырылып, сол кафедрада аға оқытушы және доцент қызметін 2008 жылға дейін атқарады. Осы қызметте жүріп жаңадан ашылған мамандық бойынша оқу бағдарламаларын құрастырып, оқу шеберханаларын жабдықтауда көптеген жетістіктерге жетеді.

Қазіргі таңда Нұрлан Абдрахман жеке шеберханасын ашып, сол жерде ұлттық аспаптарымыздың мүмкіндіктері мен дауысын жетілдіру жолында ізденістер мен түрлі тәжірибелер жасау үстінде.

Мемлекеттік наградалар:

1986 г. Награжден Почетной грамотой Центрального Комитета ЛКСМ Казахстана за активное участие в эстетическом воспитании молодежи, высокое исполнительное мастерство.

Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

2001 жылғы желтоқсанның 3-дегі Жарлық бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2003 ж. Калмыкия Республикасының Мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2004 ж. желтоқсанның 7-дегі №1487 Жарлық бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2013 ж. желтоқсанның 9-да Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен наградталды.

Абдрахман Нұрланның шеберханасына қылқобыз, прима қобыз, шертер, бас және контрабас шертер, домбыра тенор және үш ішекті домбыра, жетіген, сазсырнай, сыбызғы аспаптарына тапсырыс бере аласыз.

Дайын аспаптар және шеберхана жұмыстары жайлы ақпаратты төмендегі телефондардан біле аласыз:

8-701-621-90-07,   8-701-288-98-34 ,   8-701-244-34-98