Нурбек Адилбекулы

                                    

Нұрбек Әділбекұлы – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші, халық шебері. 1945 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жауынгер ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, 1967-1969 жылдары Дзержинскідегі сеханизаторлар дайындайтын кәсіптік-техникалық училищесінде оқып, еңбек жолын қазіргі Үшбұлақ ауылында механизатор, клуб меңгерушісі, спорт секциясының меңгерушісі болып бастаған. 1975-76 жылдары Алматыдағы эстрада студиясына оқуға түсіп әйгілі халық артисі Жүсіпбек Елебековтен дәріс алған. Оны бітірген соң елге оралып, автоклуб меңгерушісі және орталық клубта инструктор болып істеген. Өнердегі жолын 1980 жылы Алматы облыстық филармониясының әнші болып бастап, 1982-1984 жылдары «Отырар сазы» оркестрінің, 1984-1985 жылдары Талдықорған облыстық филармониясының әншісі болып істеген.

Осы жылдары орындаған көптеген әндері Қазақ радиосының алтын қорына енген.

Ерлан Мұхтарұлының ұсынысы бойынша 2002-жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерін алдым.

Қазақ орталық радиосында 30-дан аса алтын қорда әндері бар. Мың әнде Нұрбек Әділбекұлының екі әні бар:

  1. Мақпал Әсеттің әні
  2. Халық әні, Өтесің қайран заман ай.

Елбасының өмір баяны туралы кинода екі әні бар:

  1. Сәби болғым келеді, әні: Т. Рахимов, сөзі: М. Махатаев
  2. Ауыл қарттары, әні: Д. Жолжақсынов, сөзі: С. Жиенбаев

1986 жылы денсаулығына байланысты сахнаны тастап, Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияның жанындағы эксперименттік ұлт аспаптары шеберханасына щебер болып орналасқан.

2001 жылы Павлодар мемлекеттік университеті жанынан осы университеттің ректоры, танымал өнер қамқоршысы, метсанат Ерлан Мұхтарұлы Арынның бастамасымен құрылған ұлт аспаптары шеберханасына меңгерушілік қызметке шақырылған. Осы кезге дейін сол шеберханада қызмет етеді.

Университеттің 50 жылдық мерейтойына орай «С. Торайғыров атындағы Алтын медальмен» марапатталған.

Шебермен байланыс телефоны: +77028587758