Қазақстандағы Үндістан елшілігі, Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтың Табла/Музыка пәні мұғалімі Мр. Бхаскар Джиото Оджаның шеберлік сағаты

     2019 жылдың 27-28 ақпан күндері Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстандағы Үндістан елшілігі, Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтың Табла/Музыка пәні мұғалімі Мр. Бхаскар Джиото Оджаның шеберлік сағаты өтті.

     Шеберлік сағатқа Алматы қаласындағы №55, №19 мектеп оқушылары мен қала тұрғындары, студенттер қатысты.

     Шеберлік сағат барысында мектеп оқушыларына табла және флейта аспаптары жайында дәріс оқылып, оқушылар аспаптардың ойнау тәсілдерін үйренді.