«МУЗЕЙДЕГІ ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ» АТТЫ ФОТОКӨРМЕ

     Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің конференц залында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Музейдегі Елбасы жолы» атты фото-көрме ашылды. 
     Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ерекше қолдау көрсетті. 1981 жылы сәуір айында сол жылдары Орта Азиядағы музыкалық аспаптарға арналып ашылған жалғыз музейді Елбасы арнайы келіп аралап, музей экспозициясымен танысты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының ашылуына қолдау көрсетіп, музей қорына өзінің домбырасын табыс етті. Қазақстанда алғаш рет аталып өтілген Ұлттық домбыра күніне Астана қаласында музей музыкалық аспаптардың көрмесін ұйымдастырып, көрмені Елбасы аралап, музейдегі мемориалдық музыкалық аспаптармен жақын танысты. 
     Осыған орай, айтулы күн қарсаңында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «МУЗЕЙДЕГІ ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ» атты фото-көрме ұйымдастырып, көрмеге Елбасының музейді аралау сәттерінің фото суреттері мен видеороликтер, Елбасының музей қорына тапсырған домбырасы қойылды. Фото-көрменің ашылуна Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Алиев Данияр Абзалиденұлы қатысты. 
    Сонымен қатар, фото-көрменің ашылу салтанатында Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясы және Ж. Елебеков ат. Республикалық эстрада және цирк колледжінің студенттері Көпбосын Айсұлтан, Нұржан Мәулен, Әлімжанов Ернар, Жамбулов Ердәулет және Алиев Ерсейіт өнер көрсетті.