«Музейдегі Елбасы жолы» атты фотокөрме

     2018 жылы қараша айының 30 жұлдызында, сағат 11:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің конференция залында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні мерекесіне арналған «Музейдегі Елбасы жолы» атты фотокөрмеге шақырамыз.

     Фотокөрменің мақсаты: Елбасының ел игілігі жолындағы ерен еңбегі, Президент күнінің маңыздылығын түсіндіру. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне жасаған іс-сапарына кеңінен тоқталып, насихаттау.

     Келіңіздер, көріңіздер! Кіру тегін!

     Фотокөрменің жұмыс уақыты: 10.00-ден 19.00-ге дейін.

      Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

      Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

     Музей сайты: yqlasmusmuseum.kz

     E-mail: [email protected]

     Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им.Ыхласа