«Сал-серілер ізімен» атты дәстүрлі музыкалық кеш
2018 жылы қараша айының 21 жұлдызында, сағат 16:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің концерт залында Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Сал-серілер ізімен» атты дәстүрлі музыкалық кешке шақырамыз.
Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843–1913) Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңында 1843 жылы туып, сол ата мекеніндегі Бұлақ басы, Құлагер құдығы деген жерде дүние салған. Ақын, әнші, композитор.
Сал-серілік дәстүрді барша сән-салтанатымен ұстанған Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазыны жан серігі еткен. Мұндай өмір-салт оның әншілік-ақындық шабытына тұғыр болып, «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Алайкөк», «Тер қатқан» сияқты тамаша әндердің дүниеге келуіне себепші болған. Сондай-ақ, оның «Көкшетау», «Сырымбет», «Кербез сұлу» деп аталатын әндері туған жерге, өскен елге деген перзенттік махабаттың жарқын айғағы. Ақан сері өз кезінде Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты ақын-әншілермен бастас болып, халықтың мәдени-рухани өміріне айырықша ықпал еткен.
Кеште Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұстаздары өнер көрсетеді.
Кіру тегін!
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.
Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16
Музей сайты: yqlasmusmuseum.kz
E-mail: [email protected]
Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им.Ыхласа