Гүлнәфіс Баязитованың 100 жылдығына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ПРИМАСЫ» атты концерт өтті.

     Гүлнәфіс Баязитованың 100 жылдығына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ПРИМАСЫ» атты концерт өтті.

     Кешті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, қобызшы Базархан Қосбасаров жүргізіп, Гүлнәфіс Баязитованың өмірі мен шығармашылығынан естелік сырлармен бөлісіп отырды.

     Концертте Жүнісова Балжан – Құрманғазы консерваториясының ұзтазы, концертмейстер Рахима Жүнісова, Тлеубаева Мадина, Сұлтанова Назым, концертмейстер Диордица Валерий Игорович, Амантаева Фариза, концертмейстер Н. Кулакова, Еркебұлан Ажар, концертмейстер Айша Исаметова, қобызшылар ансамблі, концертмейстер Гүлнар Рысдаулетовалар өнер көрсетті.

     Олардың орындауында Қорқыттың күйі «Қоңыр», Құрманғазы, Е. Үсенов «Төремұрат», Ықылас, Әлқуат Қазақбаев «Аққу», С. Шабельский «Элегия», Н. Римский-Корсаков «Пляска Цыганок», Қазақ ССР еңбек сіңірген әртісі Ғайни Болтаеваның өңдеуіндегі «Қазақ өрнектері» күйлері сазды кештің көркін келтірді.

     Кешке жиналған жұртшылық Гүлнәфіс Баязитованың шығармашылығымен жақынырақ танысып, күйден сусындап қайтты.