Музейде қазақтың ән-күй, жыр мектептерін насихаттауға байланысты іс-шаралар өтеді

Музейдің концерт залында өтетін «Келденбай Өлмесеков пен Санақ Әбуовтың домбырасы музей сахнасында» атты шығармашылық кешке шақырамыз. Кеште қазақ ән өнері дарабоздарының домбыраларын салтанатты түрде музейге қабылдау рәсімі өтеді.