«Ұлы дала толғауы» атты жас күйші, композитор Ғаламат Бейсеқожаевтың шығармашылық кеші

     2019 жылы 28 маусым күні Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Ұлы дала толғауы» атты жас күйші, композитор Ғаламат Бейсеқожаевтың шығармашылық кеші аталып өтті. 
     Биыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жылды – «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Басты мақсат – ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру. Осыған орай, бүгін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жас күйші, композитор 30-дан астам күйлердің авторы Бейсеқожа Ғаламаттың «ҰЛЫ ДАЛА ТОЛҒАУЫ» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылған болатын. Кеш барысында жас күйші Ғаламаттың бірнеше күйлері орындалып, оның ішінде өзінің пір тұтар тұлғасы - ұлы ақын Абай атамызға, ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына арнап өз туындысын шырқаған болатын. Сонымен қатар, Ғаламат Бейсеқожаевтың туған інісі, Қазақстанның ең жас композиторы, 50 ден астам классикалық шығарманың авторы, пианист, скрипач Бейсеқожа Нұрәлі - Әлем чемпионы Cочи қаласында өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнап "Аққан жұлдыз" шығармасын орындады. «Ұлы дала толғауы» атты шығармашылық кеш көпшілік көңілінен шығып, зор қошеметке ие болды.