МУЗЕЙ ҒИМАРАТЫ САНДАР МЕН ДЕРЕКТЕРДЕ
Музей ғимараты Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінде. Верный қаласының қоғамдық құрылысы ағаш сәулет өнерінің бұл үлгісін, 1908 жылы Андрей Палович Зенков (1863-1936) салған.
Петербург әскери-инженерлік академиясының түлегі А.П. Зенков ғимараттың жобасын жасау барысында «Ропет стилін», яғни, оны безендіруде көне орыс сәулет өнерінің элементтерін қолданған.
- 1908 ж. – Офицерлер жеке құрамының клубы
- 1911 ж. – Ғимарат 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп берді
- 1913 ж. – Жетісудың бірінші ауылшаруашылық және өндірістік көрмесінің көрме павильоны
- 1918 ж. – Пошта-телеграф кеңсесі
- 1927-1929 жж. – «Красная звезда» (Қызыл жұлдыз) кинотеатры
- 1941-1945 жж. – Ұлы Отан Соғысы жылдары бұл жерде Р. Зеленая, А.Райкин, Н.Рубандардың қатысуымен эвакуацияланған (көшірілген) кеңестік сатира, музыкалық комедия, оперетта театрларының ұжымдары өнер көрсеткен
- 1977 ж. – Офицерлердің жиналыс үйі
- 1979 ж. – Аймақтық офицерлер үйі; ОАӘО (Орта Азия әскери округі) офицерлер үйі
- 1979 ж. – Ағаштан ойылған өрнектерге қазақтың ұлттық оюлары қосылды: «ағаш» - өмір ағашы, «шынжара» - толқындар тербелісі, «үзілмес» - шырмалғыш сабақ, «өткізбе» - мүйіз тәріздес шиыршық ұғымдарын береді
- 1980 ж. – № 358 қаулы бойынша ҚазКСР-дың «Республикалық халық музыкалық аспаптар музейі» құрылды
Алматы қаласы музейлер бірлестігі

Алматы музейі

Н.Тілендиевтің мемориалды музейі

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені

Д.А. Қонаев музейі