Морин хур аспабы

     Морин хур – монғол халқының ыспалы аспабы. Монғолияда, ҚХР-да (Ішкі Монғолия, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы), Ресейде (Бурятия, Калмыкия, Иркутск облысы, Забайкальск өңірі) кең таралған. Аспаптың басы дәстүрлі түрде жылқының басы түрінде жасалады. Монғол поэзиясында аспаптың дыбысы жылқының кісінегеніне немесе дала желіне ұқсас. Аспаптың аталуы монғол сөздері: морин – жылқы, хур – ішек, дауыс деген сөздерінен құралған.

     Дыбысталуы флажолетті, ішектер мойынға басылмайды. Ішектерді сол қол саусақтары басады, бас бармақ аспапты мойнынан демеуге қолданылады. Морин хурда отырып, трапеция тәрізді корпусты тізелердің арасына қойып, мойынды белгілі бір бұрыш жасап, жоғары ұстап ойнайды. Негізінен бұл ерлер аспабы болып саналады, жеке орындауда да, сүйемелдеуге де қолданылады.

     Морин хурды алғаш рет Еуропаға Марко Поло әкелген болатын. Ол аспапты 1275 жылы Юань династиясының «жазғы астанасы» – Шаньдуға барған сапарында сыйға алған.

     Морин хур бүгінгі монғол ұлттық оркестрлерінде кең қолданылады. Қытайда бұл аспап матоуцинь – яғни, жылқы басты аспап деп аталады. Заманауи морин хурдың жасалуында декаға тері қолданылмай, тұтас ағаштан, еуропалық виолончельдегі секілді резонаторлық саңылаулармен жасалады. Алтайлықтарда морин хурға туыстас аспап – икили, тувалықтарда – игил, хакастарда – ыық, Үндістанда – рабанастр. Қытай музыкасында тағы бір екі ішекті ыспалы аспап – эрху кең қолданылады.

     Монғол музыкалық аспабы морин хур ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша, 2005 жылы морин хур монғол ұлттық аспабын адамзаттың мәдени мұра қазынасы ретінде бекіту туралы сертификат алды.

     Морин хур – монғолдың мәдени бірлігінің белгісі. Аңыз бойынша, Шыңғыс ханның алтыннан жасалған жеке морин хуры болған. Аспабын жақсы көргені сонша, оған рұқсатсыз қол тигізген кез келген адамды жазалауға дайын болды.