Курай аспабы

     Курай – башқұрт және татар халықтарының үрмелі музыкалық аспабы. Құрылымы және жасалған материалы бойынша ерекшеленетін бірнеше түрі бар. Хорнбостель-Закстың музыкалық аспаптар классификациясы бойынша, курай сыбызғы топшасындағы аэрофондар қатарына жатады. Тілшелі топшасына жататын курайлар да кездеседі. Ұзындығы әдетте, курай түріне байланысты – 120-180 мм-ден 450-1000 мм-ге дейін. Аспапты дәстүрлі түрде орал қатпаржемісінің кесілген және кептірілген сабағынан жасалатын,бүгінде заманауи материалдар да (сүргіленген қабыршақ, металл) кең қолданылады. Жеке, ансамбльдік және оркестрлік аспап болып табылады.

     Атауының шығу тегі белгісіз. Бір тұжырымдар бойынша курай көне түріктің qağuray сөзі, түбірі «qaq» – «кептірілген» деген мағынаны береді. Алтай тілінде каурай «кепкен қамыс», монғол тілінде хуурай – «кепкен», көне монғол тілінде кагурай – «кепкен сабақ», сібір-татар тілінде курау – «кептіру», марий тілінде каура – «құрғақ», венгр тілінде koro – «құрғақ сабақ» мағыналарын білдіреді.

     Курай туралы алғашқы жазба деректер XIII—XIV ғғ. жатады. Курайдың қалыптасуы мен қолдану мәселесі ХІХ – ХХ ғғ. басындағы фольклор туындыларында да айтылған. Бұларға «Акбузат», «Кара-юрга», «Заятуляк пен Хыухылу» башқұрт эпостары мен көптеген халық аңыздары мен ертегілері жатады.

     Курай аспабын сипаттайтын алғашқы тарихи-этнографиялық еңбектер XVIII ғасырмен мерзімделеді. Башқұрттар мен татарлардағы бұл аспап туралы Академиялық экспедицияларының нәтижесінде жазылған «Ресей империясының әр түрлі өлкелеріне саяхат» еңбегінде П.С. Паллас жазады. 1859 жылы өлкетанушы В.М. Черемшанский өзінің «Орынбор губерниясының шаруашылық-статистикалық, этнографиялық және өндірістік тұрғыдағы сипаттамасы» кітабында башқұрттардағы «чибизга» (курай), «кубыз» аспаптары туралы айтқан.

     Әдебиет: http://mirckazok.ru/view_post.php?id=4156. Толығырақ: