Комуз аспабы

     Комуз – лютня тәріздес қырғыз халқының ұзын жіңішке мойынды, үш ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Алмұрт тәріздес корпус пен пернесіз мойын біртұтас болып келеді (тұтас ағаштан ойып жасалады). Аспаптың жалпы ұзындығы 90 см. Ортаңғы ішек әуенді, қалғаны бурдон қызметін атқарады.

     Қырғыздың бұл аспабы туралы алғашқы сипаттамаларды Сыма Цзянның (б.з.б. 201 ж.) еңбектерінен кездестіруге болады. Комуз сондай-ақ, оғыздың «Китаби дедекоркуд» (ІХ-Х ғғ.) эпосында айтылып, қырғыздың кәсіби өнері мен халық тұрмысында әлі күнге дейін кең таралған (аспапта кәсіби орындаушылар «комузчи» аталады). Сонымен қатар, ақындардың әнін сүйемелдейді (ХХ ғасырдың ірі комузчи-ақыны – Токтогул Сатылганов).

      Бүгінде жеке орындаумен қатар, аспап қырғыз халық аспаптары ансамбльдерінде аспаптың дәстүрлі түрімен қатар, заманауи жетілдіріген – примадан контрабасқа дейінгі түрлері қолданылады. Аспап жасаушы белгілі шеберлер: А.Ф. Гребнев, А.И. Петросянцев, С.Е. Диденко, П.А. Шошин.  

     Типологиялық тұрғыда, комузға туыстас аспаптар қатарына әзірбайжандық гопуз, башқұрттың думбырасы, түріктің копузы, қазақтың қобызы, хақастың хомысы,якуттың тангсыры және басқа да аспаптар жатады.

     Әдебиет: Музыкальная энциклопедия. Ю.В. Келдыш. Советская энциклопедия. 1974, 895