«Қарттар күні» мерекесіне орай «Қарттарым аман-сау жүрші» атты мерекелік іс-шара

     Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде 12.10.2018 жылы «Қарттар күні» мерекесіне орай «Қарттарым аман-сау жүрші» атты мерекелік іс-шара өтті.

     Іс-шараға Наурызбай ауданының 30-дан астам қарттары қатысты. Музейге келген қарттар алдымен музей тарихымен және музей экспозициясымен танысып, Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің 2 курс студенттерінің дәстүрлі музыкалық концертін тамашалады.

     Дәстүрлі музыкалық концертте Ақан Серінің «Балқадиша», Қапездің «Дүние-ай», халық әні «Назқоңыр», Құрманғазының «Терісқақпай», қарттарға арнау т.б әндер мен күйлер орындалды.

     Концерт соңынан қарттарымыз арнайы дайындалған дастарханнан дәм татып, музей ұжымы мен Наурызбай ауданының әкімшілігіне өз алғыстарын білдірді.