«Армян халқының музыкалық аспаптары музей сахнасында»

     Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Масис» «Қазақстандық армян қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлескен «Армян халқының музыкалық аспаптары музей сахнасында» атты концерті өтті. Концерт барысында Армения өнерпаздары Врам Минасьян, Армен Нерсесян және Гагик Манвелян ұлттық музыкалық аспаптары дудук, зурна, пку, шви, дхолені таныстыра отырып, өнер көрсетті. Шараға қатысқан «Масис» «Қазақстандық армян қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісінің орынбасары Арам Навасардян сөз сөйлеп, мұндай ізгі шаралар екі елдің арасындағы достық пен ынтымақтастық, рухани қарым-қатынастардың ілгері дамуына үлкен үлес қосатынын ескеріп, алғыс білдірді. Кеш соңынан аталған музыкалық аспаптар музей қорына салтанатты түрде сыйға тапсырылды. Аталған іс-шараны «Масис» «Қазақстандық армян қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшылығы мен өзге де лауазымды тұлғалары, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.