«Армян халқының музыкалық аспаптары музей сахнасында»

                          Описание: C:\Users\Музей5\Desktop\НА САЙТ\Логотипы\images.png                                  

 

 

                                                                                                   БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

                                                               «Армян халқының музыкалық аспаптары музей сахнасында» концерті

     2018 жылдың 21 қыркүйек күні сағат 16:00 де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Масис» «Қазақстандық армян қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлескен «Армян халқының музыкалық аспаптары музей сахнасында» атты концерті өтеді.

     Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде қазақ халқының музыкалық аспаптарымен қатар әлемнің 42 мемлекетінің музыкалық аспаптары сақталған. Музейдің қазіргі таңдағы негізгі бағыттарының бірі музей қорын толықтыру және музей қорындағы музыкалық аспаптарды дыбыстандырып отыру.

     Осы ретте, 21 қыркүйекте сағ. 16:00 де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі мен «Масис» «Қазақстандық армян қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлескен «Армян халқының музыкалық аспаптары музей сахнасында» атты концерті өтеді. Концерт барысында Армения өнерпаздары ұлттық музыкалық аспаптары Дудук, Зурне, Пку, Шви, Дхоледе өнер көрсетеді. Кеш соңынан аталған музыкалық аспаптар музей қорына сыйға тапсырылады.

 

     Кіру тегін

     Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

     Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

     Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz

     E-mail:

     Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа