Қамыс сырнай аспабы

      Қамыс сырнай – қамыстан жасалған, үрлеп ойналатын музыка аспабы. Қамыс қуысының ішінде тілше бар. Соны үрлеу арқылы дыбыс шығады. Аспаптың әр түрлі дыбыс шығаратын алты тесігі бар. Бұрын бұл қамыс сырнайда ойнауға көбінен-көп жастар әуестенген. Диапазоны бір октава. Төменгі үні қуыстың ұзындығымен тілшеге байланысты белгіленеді. Өзегі қуыс қамыс түтігінен жасалған. Қамыс сырнайдың сыбызғыға ұқсамайтын өзіне тән тембрлі үні бар. Ол өз алдына жеке күйге келеді. Жасалуы да, дыбысталуы да күрделі. Түтіктің іші жіңішке шыбықпен тазаланып тұрады. Ұшында ойылған тілшесі болады. Дыбыс қатары ойықтардың үн шығаратын тілшесіне байланысты, құлақ күйлері тілшеге негізделген. Үні гармонь, сырнай саздарына ұқсас, көлемі шағын болғанымен дыбысы ашық келеді. Қамыс сырнай аспабын қалпына келтірген аспаптанушы Болат Сарыбаев. Бүгінде күйге келтіріп насихаттап жүрген Еділ Құсайынов.