Шартылдауық аспабы

     Шартылдауық — қазақтың көне музыкалық аспабы. Атауы "шарт - шарт" етіп дыбыс шығаратындықтан қалыптасқан. Шартылдауықты жасау үшін ұзындығы 30 - 40 см, жалпы 5 - 6 см болатын екі қайыс таспа тілінеді де, бір - біріне қабатталып, екі ұшы ажырап кетпес үшін металл қапсырмалармен бекітіледі. Одан кейін ұзындығы 12 - 14 см, дм 2 - 2,5 см ағаш жонылып, оған тілік жасалынады. Қапсырма жетесі тұтқадағы тілікке дәлдеп кигізіледі де, үстінен тұтқа диаметіріне сай металл түтікше кигізіліп, алдын ала тесілген тесік арқылы шегеленеді, тойтарылады. Металл түтікше қиылысқан буынға беріктік беріп, оның көркемдігін арттыра түседі.Шартылдауықты мал айналысқан қазақ халқы кеңінен пайдаланып, әнді сүйемелдеу үшін қолданған.