«Ұлы дала әуені»
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
«Ұлы дала әуені»
2018 жылдың 6 сәуір күні сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Ұлы дала әуені» атты Жұмағали Қуаныш Ізімұлының шығармашылық кеші өтеді.
Жұмағали Қуаныш – халықаралық және республикалық сайыстарының лауреаты, ҚР мәдениет саласының үздігі, құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, күйші-композитор.
Кеште Фольклорлы-этнографиялық «Үшқоңыр» ансамблі, Халықаралық және Республикалық сайыстардың лауреаттары: Игілік Баян, Әділ Ерболат, Қайырғазина Айсауле, Омар Райхан, Елемесова Әйгерім және «Домбырашылар» ансамблі өнер көрсетеді.
Кіру тегін
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.
Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16
Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz
E-mail:
Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа