«Сырлы аспаптың үні» атты қайырымдылық акциясы

                                                                                                       БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

                                                                        «Сырлы аспаптың үні» атты қайырымдылық акциясы

     2018 жылы 28 қаңтарда сағат 14.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Сырлы аспаптың үні» атты қайырымдылық акциясы өтеді.

     Ұйымдастырушылар: Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі.

     Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Патриотизм – кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» - деп айтқан болатын. Осыған орай балалардың ұлттық өнеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру негізінде «көңілді экскурсия» жүргізіліп, «аспаптар сөйлейді» атты музыкалық бағдарлама ұйымдастырылады.

    Көңілді экскурсия барысында балаларға музыкалық аспаптар жайында қызықты ақпаратттар, аспаптардың шығу тарихы, оларға қатысты аңыздар мен әпсаналар айтылады. Аспаптардың жасалу технологиясына байланысты ойлан-тап ойыны ұйымдастырылады.

     Аспаптар сөйлейді бөлімінде ұлттық аспапта ойнайтын музыканттар, аспапта ойнай отырып, оның дыбысталуын көрсетеді. Онымен қоса өзі ойнап отырған аспаптың ойналу тәсілі мен  оның ерекшеліктерін айта отырады. Оған қатысты аңыздар мен әпсаналарын баяндап береді.

     Басталуы: сағат 14.00 де.

     Өтетін орны: Алматы қаласы, Зенков көшесі 24А, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі.