Халықаралық конференция өтті

Бүгін, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде –  «Мемориалдық музыкалық аспаптар: ғылыми-зерттеу, жинау және насихаттау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияда мемориалдық музыкалық аспаптарды жинау, ғылыми-зерттеу және насихаттау мәселелері, сонымен қатар, қазақ өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы және олар тұтынған аспаптардың музейлерге түсу жолы мен насихаты қарастырылды.