Шертпе күйдің шебері, күйші Әбікен Хасеновтың туғанына 125 жыл толуына орай «ҚОҢЫР КҮЙДІҢ КҮМБІРІ» атты күй кеші

                                                                                      

                                         

Бүгін, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде шертпе күйдің шебері, күйші Әбікен Хасеновтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қоңыр күйдің күмбірі» атты күй кеші өтті.

Қазақ ұлттық өнерінің бірі – күйшілік өнер. Арқа дәстүрлі күйшілік өнерінің ірі өкілдері Тоқа, Қыздарбек, Әбди күйлерін біздің заманға сынын бұзбай жеткізген керемет күйші – Әбікен Хасенов.

Күй кешінде Тәттімбеттің «Қосбасар», «Сылқылдақ», «Бозайғыр», «Саржайлау» күйлері орындалса, Қыздарбектің «Өткінші қосбасар», Әбдидің «Тәуба қосбасар», «Шер қосбасар», Сембектің «Қосбасар» күйлері орындалды. Сонымен қатар, кезінде Әбікен Хасенов тарқан Жаяу Мұсаның «Ләйлім» әні де орындалып, жалғыз шығармасы «Қоңыр» күйі тартылды.  

Кеште өнер көрсеткен өнерпаздар: Мұрат Әбуғазы, Қайролла Сәдуақасов, Рамазан Стамғазиев, Саян Ақмолда, Еркін Шүкіман, Сырым Нұрмолдин, Нұрлан Түменбаев, Айсарбек Ақияшев және студенттер.