Шертпе күйдің шебері, күйші Әбікен Хасеновтың туғанына 125 жыл толуына орай «ҚОҢЫР КҮЙДІҢ КҮМБІРІ» атты күй кеші

                                                                              

2017 жылы қазан айының 13 жұлдызында, сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің концерт залында өтетін – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, шертпе күйдің шебері, күйші Әбікен Хасеновтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қоңыр күйдің күмбірі» атты күй кешіне шақырамыз.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, дәстүрлі ән, күй, жыр кештерін ұдайы түрде өткізіп тұрады. Мақсаты: ұлт руханиятының – ұлы тұлғаларымыз бен ұлттық өнеріміз арқылы жаңғырып отыруына атсалысу.

Әбікен Хасенов 1897 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келіп, 1958 жылы Алматыда қайтыс болған. Қазақтың күйші-домбырашысы, шертпе күйдің шебері, актер, Қазақстанның еңбегі сіңген артисі (1945). Домбырашылық өнерге баулыған әкесі Хасен, немере ағасы Мақаш Сәдуақасұлы және Ақмолда Дүйсенұлы болды. Кейіннен ол белгілі күйші-домбырашылар Баубек пен Қыздарбектен Тәттімбеттің күйлерін үйренеді. Халық композиторы Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Көкейкесті», «Сылқылдақ», «Бес төре» секілді көптеген күйлерін орындап, бүгінгі күнге жеткізген майталман күйші.

Әбікен Хасенов Арқа өңірінің басқа да күйші-композиторларының шығармаларын ел ішіне кеңінен насихаттады. Өз жанынан шығарған «Қоңыр», «Қосбасар» т.б. күйлері ел арасына кең тараған, Қазақ радиосының алтын қорына жазылған.

Кешке қатысатындар: Мұрат Әбуғазы, Қайролла Сәдуақасов, Рамазан Стамғазиев, Саян Ақмолда, Еркін Шүкіман, Сырым Нұрмолдин, Нұрлан Түменбаев, Айсарбек Ақияшев және студенттер.

Кешті жүргізуші: ҚР мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы.

Кіру тегін.    

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz

E-mail:

Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им.Ыхласа