Ақан серінің домбырасы бір ғасырдан кейін күмбірледі

Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz — Алматыда Ықылас атындағы халық аспаптарының мұражайында ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының домбырасымен күмбірлеп күй шертілді. Қазақтың халық ақынының ғасырлық тарихы бар музыка аспабын мұражайға танымал жазушы Сәкен Жүнісовтың ұрпақтары тапсырған еді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шығармашылық кеш барысында Ерлан Төлеутай Ақан серінің домбырасымен «Сырымбетті» күмбірлетті. Ақан серіге арналған шығармашылық кеште дәстүрлі музыка өнерінің өкілдері ақынның «Шәмшіқамар», «Маңмаңгер», «Балқадиша» және басқа да әндерін орындады. Алматының «Қала күні» аясында өткен музыка кешіне мәдениет пен өнер қайраткерлері, жұртшылық, жастар қатысты.

«Бүгінгі күні мұражайда 100-ден астам музыка аспаптары мен басқа да киелі заттар сақталған әрі олардың қатары жыл сайын жаңа экспонаттармен толықтырылып жатыр. Біз бүгін ерекше саяси оқиғаның куәсі болып отырмыз, Ықылас мұражайының қорына ұлы ақын Ақан серінің жеке домбырасы беріліп отыр», — деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Мақаланың толық нұсқасын осы сілтеме бойынша көре аласыздар