Ақан серінің домбырасы музейге тапсырылды

Ақын, әнші-композитор Ақан сері Қорамсаұлының домбырасын Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісовтің қызы Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейіне тапсырды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек салтанатты шараға арнайы қатысып, мұражай қорын  өз қолымен толықтырды.

«Ақан сері домбырасы музей сахнасында» аталған концерттік бағдарлама барысында зерттеуші-ұстаз, Мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы қос ішекті қарымды қаламгердің кезінде туыстарының қолынан алғанын айтып өтті. Сондай-ақ әнші-композитордың «Шәмшіқамар», «Маңмаңгер», «Ақтоқтының Аужары», «Іңкәр-ай», «Мақпал», «Балқадиша», «Құлагер», «Шырмауық», «Майдақоңыр», «Көккөбелек», «Алтыбасар» сияқты шығармаларын орындау үшін Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рамазан Стамғазиев, Гүлсім Арысбаева, Жоламан Құжиманов, Айдана Асанбаева, Талғат Әбуғазы, Тілеулес Құрманғалиев, Аманкелді Күзеубай, Құралай Шаяхметова, Саят Нұрғазин, Ерлан Төлеутайды ортаға шақырды.

Мақаланың толық нұсқасын осы сілтеме бойынша көре аласыздар