«Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім» атты дәстүрлі музыкалық концерт

     Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, 2018 жылдың 12 желтоқсан күні «Еркіндігім – елдігім, Тәуелсіздік – теңдігім» атты дәстүрлі музыкалық концерт өтті.
     Мерекелік концертте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері: Магуфаров Ерзат, Асен Смағұл, Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінің студенттері: Нұржан Мәулен, Аяулым Жұмақан, Бақыт Жанқараев, Бекет Бексұлтан, Ернар Әлімжанов және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері: Жігер Омархан, Ерсұлтан Балғабаев, Камила Әбенова, Әнәпия Тілеубай, Есімби Үрпеков, Дияс Мұратқан өнер көрсетіп, жиналған қауымға домбыра мен қобыз және жетіген аспаптарында тамылжытар туындыларды орындап, ән-күйден шашу шашты. 
     Көрермен болып келген Жалпы білім беретін №19 және Шоқан Уәлиханов атындағы №12 көп салалы гимназия ұстаздары мен оқушылары, сонымен қатар, Алмалы аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығынан келген қонақтар қазақ халқының ұлттық өнерімен сусындап, тамаша кештің куәсі болып қайтты.