«Ақкөл көтерілісіне ¬ 90 жыл» атты жылжымалы көрме

     2018 жылдың 12-мамыр күні Алматы облысы, Балқаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Ақкөл ауылында «Ақкөл көтерілісіне ¬ 90 жыл» күніне арналған, салтанатты жиын өткізілді. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейі «Ұлт ардақтылары»тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмені жиын қонақтарымен бірге Балқаш ауданының әкіміТоқпейісов Ғалым Қасымұлы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Өксікбаев Омархан Нұртайұлы, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Нұрлан Қонысбаев тамашалап, көрменің сәтті ұйымдасқаны жайында өз пікірлерін білдірді.