Қосдүңкілдек аспабы

     Қосдүңкілдек – қазақ халқының соқпалы-шулы музыкалық аспабы. Қосдүңкілдек – сипаты мен жасалу әдіс-тәсілі жағынан күрделі аспаптың бірі. Екі шанақтан тұратын бұл аспап жай ғана дүңкілдек деп те аталады. Шанақ іштері қуыс, беті бұзау терісімен қапталады. Шеберлер оның бір бетін жұқа терімен, екіншісін қалыңдау етіп керіп жасайды. Екі бетіндегі керілген тері-жарғақты ұрса, екеуінен екі түрлі дүңкілдеген үн шығады. Бұл әдіс аспаптан екі түрлі дыбыс беруге лайықталған. Шанақтары қайың, емен, қарағай секілді қатты ағаштардан жасалады. Дыбыс жаңғырығын қамтамасыз етіп отыратын өзегі салынады. Дүңкілдекті көлденең жатқызып та, тізеге қойып та, мойынға салып та ойнай береді.