Үскірік аспабы

     Үскірік – қазақ халқының ертеден келе жатқан музыкалық аспаптарының бірі. Ол сазсырнай, керней, желбуаз, сыбызғы сияқты қазақтың ұлттық үрмелі аспаптарының қатарына жатады. Дауысы қаһарлы қыс мезгіліндегі ызғарлы желдің дыбысына ұқсағандықтан, оны ел арасында «үскірік» деп атап кеткен. Кейбір аймақтарда аспап «уілдек» деген атпен таралған.

     Аспаптың ұзындығы – 120 мм, биіктігі – 58 мм, үрлейтін ойығының диаметрі – 7 мм. Сол жақтағы ойығының диаметрі – 4 мм, оң жақтағы ойығының диаметрі – 5 мм. Ойығының саны орындаушының ойнау шеберлігімен байланысты болған. Ойықтың біреуін үрлеп, қалғандарынан саусақтарымен түрлі дыбыс шығарып отырған. Бұл аспаптың өте шебер орындаушылары болған. Үскірікте тартылған күйлер сақталмаған.