«Ұлттық өнерді ұлық еткен шебер»

                                                     

    Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Ұлттық өнерді ұлық еткен шебер» атаумен Жақсылық Оспановты еске алу шығармашылық кешіне орай концерт өтті.

    Ж. Оспановты еске алу және шығармашылық кешінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік стипендия иегері Тұңғыш Президент Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты Н. Әшіров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Жүдебаев, ҚР Мәдениет қайраткері, «Дарын» сыйлығының иегері М. Нукеев, Мәдениет саласының үздігі Р. Баймұхатов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты А. Қойшыбаевтар өнер көрсетті.

    Олардың орындауында Уәли Бекеновтың «Женгем сүйер», Мұраттың төкпесі, халық күйі «Ақсақ құлан», Абылдың күйі «Абыл», Қуаныш Жұмағалидің өзінің жанынан шыққан «Ақжелең» күйлері сазды кештің көркін келтірді.

    Асыл мұрамыз насихатталатын бұл еске алу және шығармашылық кешінде қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше кеш сыйлады.