Эрху аспабы

     Эрху (қытай. «эр» – екі, «ху» – ішек) – қытай халқының ішекті-ыспалы көне аспабы, металл ішекті скрипка. Қияқ адырнасын орындаушы оң қол саусақтарымен тартып отырады, ал қияқтың өзі ішектердің арасында бекітіліп, аспаппен біртұтас жүйе құрайды. Сол қолмен ойнау барысында көлденең вибрато қолданылады, бұл кезде ішек төмен қарай жаншылады – бұған ішектер бекітілген дөңгелек мойынның құрылысы ықпал етеді. Ішектермен байланыстырылған қияқты «шайырлау» өте қиын, бірақ қытай музыканттары балқытылған шайырды ағаш цилиндрлік резонатордың жоғары бөлігіне тамызады, ол кепкен соң қияқты соған «шайырлаған».

     Бүгінгі Қытай кең таралғанына қарамастан, эрху хань елінің аспабы емес. Хуциньнің негізгі түрі. 6 қырлы немесе цилиндр пішінді жылан терісімен (әдетте, питонның) қапталған ағаш резонатордан тұрады. Пернесіз ұзын (81 см) мойны 2 құлақ орнатылып, артқа қайырылған түрде бітеді.

     Эрху Қытайда кең таралған музыкалық аспаптардың бірі. Негізінен, оңтүстік аймақтағы қала және ауыл жұртшылығында, солтүстік аудандарда сыху деп аталатын 4-ішекті түрі танымал. Эрху кәсіби музыканттар тарапынан жеке және ансамбльдік аспап ретінде қолданылып, театр оркестрі (ұлттық опера мен музыкалық драма) құрамына енген.

     Эрхуды екі ішекті скрипка деп атағанмен, музыкант оны тік ұстап отырып ойнайды. Оны мықты ағаштан, мысалы, баия немесе эбен ағаштарынан жасайды, аспап жылан терісімен (әдетте, питонның) қапталған шағын дыбыстық қорапшадан және басы артқа қайырылған ұзые жіңішке мойыннан тұрады. Қос металл ішектер дәстүрлі жібек ішектерді алмастырды. Бамбук пен жылқының ақ қылынан жасалған қияқ ішектер арасымен үздіксіз қозғалады.

     Әдебиет:

     Музыкальная энциклопедия. Ю.В. Келдыш. М., 1982. Стр. 550-551.