бандура аспабы

     Бандура – украина халқының ішекті-шертпелі музыкалық аспабы. Аспаптың корпусы сопақша, мойны қысқа. Ішектердің жартысы (ескі аспапта – 12-25, заманауида – 53-70) мойынға (ұзын, дыбысы төмен бас ішектер), қалған жартысы декаға (қысқа, дыбысы қатты ішектер) бекітіледі.

     Ағаштан ойып жасалған корпусы таяз, пішіні дөңгелек, көп жағдайда алмұрт пішіндес. Тегіс декаға дөңгелек немесе жұлдыз тәрізді резонатолық ойық жасалған, жоғары оң жақ шетінде брямка аталатын құлақтарға арналған шығыңқы тұсы болады. Пернесіз қысқа мойны бұрама немесе оюмен безендірілген баспен аяқталады. Бұрында аспаптың корпусын, мойны мен басын тұтас ағаштан жасайтын (тал, қандыағаш, үйеңкі).

     Бандура дыбысының толықтығы және жарқын тембрімен ерекшеленеді. Аспаптың құрылымы аралас, төменгі регистрде кварта-секунда, жоғары регистрде диатоникалық, бүгінгі аспапта – хроматикалық. Бандурада саусаққа арнайы «тырнақ» киіп немесе олсыз ішектерді шертіп ойнайды.

     Украин аспабының шығу тарихы туралы бірнеше теория бар. Оның қалыптасуы кобза аспабымен байланысты болуы мүмкін. Гусли аспабында ішектер аз болып (4-5), «салдырлау» әдісімен ойнаған. Мұндай тәсіл балалайкаға тән болып табылады. Дегенмен де, ХV ғ. орыс жерінде 14-20 ішектері болған дулыға тәрізді (псалтерий тәрізді гусли деп те аталды) гусли аспабы танымал болған. Дулыға тәрізді гули Орыс жеріне алғаш рет ХІV ғ. келген. Батыс және Оңтүстік-батыс Русь жерінде бұл аспап бандураның арғы тегі бола алмайды. Литва князьдігімен біріккен соң (1321 ж.) Батыс және Оңтүстік-батыс Русі жері батыс мәдениетіне бағытталды. Ресеймен мәдени ассимиляция ХVІІ ғ. соңында, көпішекті «бандура» украин музыкалық аспабы қалыптасып, қолданыста болғанда басталды (1740 ж.).

     Әдебиет:

     Pаминцын А. С., Домра и сродные ей музыкальные инструменты русского народа, СПБ, 1891;

     Лисенко М. В., Народнi музичнi iнструменти на Украчнi, К., 1955;

     Хоткевич И., Музичнi iнструменти украчнського народу, X., 1930;

     Гуменюк A., Украчнськi народнi музичнi iнструменти, К., 1967.