Балалайка аспабы

     Балалайка – орыс халқының пішіні үшбұрыш тәрізді, үш ішекті-шертпелі музыкалық аспабы. Дыбыс шығарудың негізгі әдістері – салдырлату (бряцание) және тремоло (сұқ саусақпен барлық ішекті қатар соғу) әдістері.

    Балалайка – орыс халқының ең танымал музыкалық аспабы және гармоньмен қатар орыс музыкалық шығармашылығының нышанына айналды. Аспаптың халықтық атауы, ойын арқылы жеткізетін үні қызығушылықты оятады. Оның қалыптасуы туралы бірнеше болжамдар сақталған.

     Чудинов А.Н. («Словарь иностранных слов, вошедших в состав русского языка», 1910) мен Михельскон А.Д. («Объяснение 25000 иностранных слов, вошедших в употребление в русский язык, с означением их корней») ұстанатын нұсқа бойынша, бұл сөз түркі тілінен енген, «бала» сөзінен туындауы мүмкін. Түркілік шығу тегін түркі сөздерінің фонетикалық ерекшелігі көрсетеді: дауысты дыбыстардың үндестігі, орыс тілінде бір дауысты дыбыссөзде қайталанады – башмак, батрак, балда, таракан, баклажан, балаган, балагур, багатур.

     Аспаптың қалыптасу уақыты туралы нақты көзқарас жоқ. Балалайка ХVІІ ғ. бастап таралған деп саналады. Азиялық домбырадан туындаған деген болжам бар.

     Балалайка жеке, концерттік, ансамбльдік, оркестрлік аспап ретінде қолданылады. 1887 ж. Андреев балалайка әуесқойлар үйірмесін құрып, 1888 ж. 20 наурызда Санкт-Петербург өзара несие қоғамының ғимаратында «Балалайкада ойнау әуесқойлары үйірмесі» алғаш рет өнер көрсетті. Бұл орыс халық аспаптар оркестрінің туған күні болды.

    Аспап туралы алғашқы жазба деректер 1688 ж. 13 маусымдағы «Память из Стрелецкого приказа в Малороссийский приказ» құжатында кездеседі.