Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің жетекшісі Ұлжан Мәлікайдарқызы «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен жасотандықтар, студенттермен кездесуі

     «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен жасотандықтар, студенттер танымал жыршы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Франция әдебиеті мен өнерінің кавалері» орденінің иегері, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің жетекшісі Байбосынова Ұлжан Мәлікайдарқызымен кездесті.

    Кездесуде ұлттық құндылық мәселелері кеңінен талқыланды. Қазақ халқының дәстүрлі жыр өнерінің өзекті мәселелері, сахналық келбеті жайында сөз қозғалды. Ұлжан Мәлікайдарқызы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған ұлттық код, ұлттық сананы сақтау жастардың қолында екендігін жас буын өкілдерінің естеріне салып өтті.

    Кездесу кезінде жасотандықтар жыршы Ұлжан Мәлікайдарқызының орындауында Сыр өңірінің бірнеше жырларын тындады. Кездесу соңынан жасотандықтар Ұлжан Мәлікайдарқызына ұлттық өнерді ұлықтауда атқарып жатқан жұмыстарына алғыстарын білдірді.