«Қорқыт. Қобыз» атты қылқобызшылар мен қобызбен жыр айтушылардың республикалық байқауы

     Сыр өңірінде «Қорқыт. Қобыз» атты қыл қобызшылар мен қобызбен жыр айтушылардың республикалық байқауы болып өтті.

     Ұлттық өнерді дамыту, дәстүрлі өнерпаздардың шығармашылығын насихаттау және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат тұтқан шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

     Сан ғасырлар өтсе де сыны мен сырын жоғалтпай, саф алтындай сақталып келген халықтық асыл мұрамыз – дәстүрлі музыка жаңғырған байқауда 17 өнерпаз бақ сынады. 17-55 жас аралығындағы республиканың әр өңірінен келген қылқобызшылар Қорқыт күйлерін шертсе, қобызбен жыр айтушылар Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінен және Тоныкөк, Күлтегін, Оғызнама, ортағасырлық дәуірдегі көне жыр үлгілерінен үзінділер орындады.

Толығырақ: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/272505-yzylordada-obyzshylar-baj-auy-jymdastyryldy