Дабыл аспабы

   Дабыл – қазақтың ұрмалы саз аспабы. Дабыл ежелден дыбыс беру құралы болған.Дауысы зор болғандықтан дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жиюға қолданған. Дабылды жауынгерлер әдетте жауға қарсы шабуылға көтерілгенде немесе туған елге қайтып оралып келе жатып, ауылдың іргесіне таяп қалғанда қолданған. Дабыл даусының ақырын, қатты болып келуіне қарай әр түрлі көлемде жасалған. Ауыз әдебиетінде айтылатын, жорықта қолданылатын дабыл дауысы күндей күркүреп шығатын аса үлкен аспап болыпты. Ол XVI–XVII ғасырлардың көптеген эпикалық аңыз, жырларынан да кездеседі.

    Дабылдың жасалуы

     Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді ағаштардан дөңгелек шеңбер түрінде иіліп, оған тері қапталып жасалады. Алып жүруге ыңғайлы болуы үшін қайыс бау немесе ағаш тұтқы бекітіледі. Дабыл арнайы қол шоқпармен ұрып ойналады. Дабылдың екі түрлі үлгісі сақталған. Оның бірі – шеңбер аумағы 1 м 56 см-лік фольклорлық мақсатта көне аспаптар ансамблі үшін қолданылатын шағын түрі, екіншісі шеңбер аумағы 3 м 40 см, ені 30 см, биіқт. 1 м 50 см болып келетін үлкен жорық дабылы.

     Оның шанағы дөңгелек шеңбер етіліп, екі жағына жас мөлшері екі айдан алты айға дейінгі бүзау, түйе терісі қапталып жаса-лады. Музыкалық аспаптарға арналған мал терісін пайдалану және оны қаптап жасау күрделі әдістермен атқарылады. Ол үшін мал терісін немесе қарнын дөңгелек ағаш шанаққа керіп қаптайды. Жаңа сойылған малдың жүнін қырқып алып, сары етін сыпы-рып алады. Аспаптарға қолданатын тері жарғақтың жүні жас кезінде жидітіп алынады. Тазартудың екі тәсілі бар және ол күрделі әдіспен игеріледі. Бірі – и салу тәсілі. Бүл тәсілде идің быршыған өткір иісін теріге сіңдірмей жасау маңызды. Екіншісінде – теріні жібітіп барып, өткір үстарамен түгі сылынып алы-нады. Содан соң түксіз терінің шуашы мен шайыры кеткенше жуылады. Әбден тазарған кезде теріні шала кептіріп алып қолданады.

     Шанағы төзімді әрі сәнді болу үшін сыртынан өн бойын қуалай айналдыра тері қаптап, оның сыртын күйдіру әдісімен өрнектер салып безендіреді. Халық шеберлері кейде шеңбер сыртына мүйіз, сүйек, үкі, шашақ салып та жасайды. Шанақтың бір бүйіріне қолға ұстайтын тұтқасы қайыстан өріп тағылады. Дабылды саусақпен немесе арнайы жасалатын басы жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды. Даусы -терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты не-месе орташа керілуіне және арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты болып келеді. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады.