18-мамыр – Халықаралық музейлер күніне арналған «Ғасырлар үні» атты Музей түні

                                                                                                    

 

 

 

                                                                                           БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

                                                                18-мамыр – Халықаралық музейлер күніне арналған

                                                                         «Ғасырлар үні» атты мерекелік іс-шара

     2018 жылы мамыр айының 18-і Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде 18-мамыр – Халықаралық музейлер күніне арналған «Ғасырлар үні» атты мерекелік іс-шара өтеді.

     Халықаралық музейлер күні мерекесінің тарихы 1977 жылдан бастау алады. Сол жылы 18 мамырда Ресейдің Мәскеу және Ленинград қалаларында өткен Халықаралық музейлер кеңесінің (ICOM) ХІ бас конференциясында осы мәдени мереке бекітілді

     Мереке аясында музыкалық аспап жасаушы шеберлердің қолынан шыққан аспаптардың көрме-жәрмеңкесі мен «Алтыбақан» аясында театрландырылған қойылым ұйымдастырылып, «Ғасырлар үні» гала-концертімен жалғасын табады. Концерт соңынан «Ұлт руханиятын жасаушылар» атты деректі фильм көрсетіледі. Сонымен қатар, көрермендер арасында бағалы сыйлықтармен лотерея ойыны өткізіледі. Лотерея ойынында негізгі бағалы сыйлық, кәсіби шебердің қолынан шыққан домбыра аспабы.

     «Ғасырлар үні» гала-концертінде фольклорлы-этнографиялық «Сазген сазы» ансамблі өнер көрсетеді, онымен қоса жеке орындауда Талғат Мұқышев, Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкіман, Нұржан Жанпейісов, Мұрат Әбуғазы, Ардақ Исатаева, Тілеулес Құрманғалиев, Талғат Әбуғазы, Амангелді Күзеубай және т.б. дәстүрлі әншілер мен күйшілер өнер көрсетеді. Алтыбақан аясындағы театрландырылған қойылымға Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясы, Т.Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Ж.Елебеков ат. РЭЦК студенттері өнер қатысады.  

     Мерекелік шаралар сағат 17:00-02:00 аралығында өткізіледі.

Кіру тегін

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz

E-mail:

Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа