«КҮЙ ҚАЗЫНА» шығармашылық кеші

                Описание: C:\Users\Музей5\Desktop\20жыл.jpg                  Описание: C:\Users\Музей5\Desktop\НА САЙТ\Логотипы\images.png

                                                                                                 БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

                                                                                 «КҮЙ ҚАЗЫНА» шығармашылық кеші

     2018 жылы мамыр айының 4-жұлдызында сағат 17:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Құрманғазы атындағы халық аспаптарында орындаушылардың ІІІ Республикалық конкурсының лауреаты Түменбаев Нұрлан Әлімұлының «Күй қазына» атты шығармашылық кеші өтеді.

     Талантты күйші Жамбыл облысының Т. Рысқұлов ауданы Луговой кентінде дүниеге келген. Жамбыл облыстық музыкалық училищесін, 1994-1999 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

  Республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Құрманғазы атындағы халық аспаптарында орындаушылардың ІІІ Республикалық конкурсының лауреаты Нұрлан Әлімұлы бүгінде Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеуде.

     Кеште күйшінің шәкірттері Серікбол Жұмаділ мен Асанәлі Оспанғали өнер көрсетеді.  

Кіру тегін

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz

E-mail:

Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа