1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ән көктем» концерті

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ән көктем» концерті
2018 жылы мамыр айының 1-жұлдызында сағат 11:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасы 2 курс студенттерінің 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ән көктем» мерекелік концерті өтеді.
Атаулы мерекенің тарихына зер салсақ, ол 1996 жылдан бастап тойланады екен. 1995 жылдың 18 қазанында Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығы бойынша, 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. Оның негізгі мақсаты – 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерін бауырына басқан Қазақстанда түрлі ұлттардың бір-біріне деген сый-құрметін арттыру, татулықты, бірлік-берекені, ортақ құндылықтарды насихаттау.
Жыл сайын бұл күні Қазақстанның түкпір-түкіпірінде тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері ортақ мекенімізде тату-тәтті, ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Мерекелік кешке қатысатындар: Ә. Аманжол, Н. Елемесов, Б. Айтахметов, Қ. Ахмет, Ә. Әлімжан, М. Бек, Қ. Шәкен, Б. Құбашев, Б. Нұриддинұлы, Д. Сләмғали, Ә. Мағжанова, Д. Шынғалиева.
Кіру тегін
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.
Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16
Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz
E-mail:
Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа