«Наурыз – думан»

                Описание: C:\Users\Музей5\Desktop\20жыл.jpg                  Описание: C:\Users\Музей5\Desktop\НА САЙТ\Логотипы\images.png

                                                                                              БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

                                                    «Наурыз – думан»  22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған дәстүрлі өнер жәрмеңкесі

     2018 жылы наурыз айының 22 жұлдызында, сағат 10:00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі және С. Мұқанов және Ғ. Мүсірепов әдеби-мемориалды музей кешенінің ұйымдастыруымен 22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған «НАУРЫЗ ДУМАН» дәстүрлі өнер жәрмеңкесі өтеді.

     Іс-шарада жас айтыскер-ақындар сайысы, наурызға жыр шашу, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық әні кафедрасының 4-курс студенттерінің дәстүрлі музыка концерті өтеді.

     Наурыз мерекесі - көктем мен табиғи жаңару мерекесі ретінде Алдыңғы және Орта Азия халықтары арасында бес мың жылдан астам тойлап келе жатыр. Тарихы тереңде жатқан бұл мерекенің адамзат пен табиғат арасында алатын орны ерекше. Бастапқыда атаулы көктем мерекесі табиғи апаттарға бағынушылықтан туындап, көктемгі күннің теңелуімен байланысты туындаған. Себебі осы кезде қыстың қақаған сунан шығып, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезі. Бір біріне қал-жағдайларын білуге қонақтап, осы мерекенің негізгі тағамы «Наурыз көже» ішіледі. Ежелде адамдар осы кезде үйінің айналасын тазартып, ағаш отырғызып, осыған орай: «бұлақ көрсең, көзін аш», «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» - деген мақалдар орын алуы бұрын Наурыз мейрамын тойлау таң атуды қарсы алудан басталды.

     1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты. Наурыз мерекесі 1991 жылы 15 наурызда Қазақ ССР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген мәртебе берді. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

Кіру тегін

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.

Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16

Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz

E-mail:

Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа