8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт
2018 жылы наурыз айының 7-жұлдызында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне» арналған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасы 1 курс студенттерінің концерті өтеді. Мерекелік іс-шараға қала қонақтары мен дәстүрлі әншілер Амангелді Күзеубай, Тілеулес Құрманғалиев, Ардақ Исатаева, Еркін Шүкіман қатысады.
Тарихқа зер салсақ, 1908 жылы 28 ақпанда Нью-Йорк социал-демократиялық әйелдер ұйымының шақыруымен әйелдер теңқұқықтығы туралы митинг өткізілді. Бұл күні 15000-нан астам әйел жұмыс күнінің қысқартуы және ерлермен тең еңбекақы төлеу шарттарын талап етіп, қала арқылы өтті. Олар, сондай-ақ, әйелдер сайлау құқығын талап етті. 1910 жылы Копенгагендегі социалист әйелдердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері К.Цеткинаның ұсынысы бойынша наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. 1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды. Бұл күн - әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Әйелдер құқын қорғау және халықаралық бейбітшілік күнін өткізе бастады.
Кіру тегін
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24А.
Анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-17; 291-63-16
Музей сайты: www.yqlasmusmuseum.kz
E-mail:
Facebook: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыхласа