Ұлы дала әуені

     2018 жылдың 5 сәуір күні Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Ұлы дала әуені» атты Жұмағали Қуаныш Ізімұлының шығармашылық кеші өтті.

     Жұмағали Қуаныш – халықаралық және республикалық сайыстарының лауреаты, ҚР мәдениет саласының үздігі, құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, күйші-композитор.

     Кеште фольклорлы-этнографиялық «Үшқоңыр» ансамблі, Халықаралық және Республикалық сайыстардың лауреаттары: Игілік Баян, Әділ Ерболат, Қайырғазина Айсауле, Омар Райхан, Елемесова Әйгерім және «Домбырашылар» ансамблі өнер көрсетті.

     Кешке жиналған жұртшылық Қуаныш Жұмағалидің шығармашылығымен жақынырақ танысып, күйден сусындап қайтты.